скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

«Жолда қабылдау» акциясы өткізілді

Сыбайлас жемқорлық белгілерін алдын алу мен оларды төмендету бойынша 10 қадам жобасын жүзеге асыру бағытында, көліктік бақылау инспекциясымен бірге 2017 жылдың 8 маусым күні сағат 11.00-13.00 аралығында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.

Акцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы А.Мұхимов,"Нұр Отан" партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев, «Қызылорда облысының тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті С.Теңізбаев, көлік прокуроры Т.Шуленбаев, жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры А.Айтуғанов және басқа да мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысып, жолдағы жүргізушілерден туындаған өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Сондай-ақ шара барысында флаерлер мен жүргізушілердің құқықтарымен міндеттері жазылған нұсқамалар таратылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы