скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

Аралда «Парасыз болашаққа. Бірге» ұранымен мобильді топ өкілдері мекеме қызметкерлерімен және тұрғындармен кездесу өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимовтың төрағалығымен Арал ауданы әкімдігінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ өкілдері мекеме қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның атқарған жұмысына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Департаменттің бас маманы Н.Жакудаев облыс көлемінде орын алған сыбайлас жемқорлық жағдайларына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және мониторинг жұмыстарымен таныстырды.

Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жоланов және «Жастар ресурстық орталығы» МКК-ның директоры Ә.Ізбасаров өздері басшылық ететін мекемелерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

Жиын барысында арнайы дайындалған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. 

Сондай-ақ, аталмыш топ өкілдері Сексеуіл кенті тұрғындарымен де кездесу өткізді. Өз кезегінде кент әкімі С.Мырзағазиев сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпы қоғамның, әр азаматтың борышы екендігіне тоқталып, осы мәселе төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. 

Кездесу барысында мобильді топ өкілдері сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға шақырды.

Жиын соңында топ өкілдері қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өзекті сұрақтарына тиісті жауаптарын берді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы