скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департамент туралы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТБОЙЫНША

2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

 

Мемлекеттік қызметті өткеру

Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 3 740. Оның 7-уі саяси, 8-і «А» корпусының және 3 733-і - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Бүгінде облыстағы мемлекеттік органдарда 90 бос орын бар.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 311 бос лауазымға конкурстар өткізілді. Нәтижесінде 192 бос лауазым бойынша жеңімпаздар анықталды

 

Тәртіптік кеңестің атқарған жұмыстары

2017 жылдың бірінші жартыжылжығында Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңеспен 7 отырыс өткізіліп, онда 24 мәселе қаралды. Оның 11-і тәртіптік іс болса, 4 мәселемен мемлекеттік органдар басшыларының, аудан әкімдердің есептері, 2 мәселемен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындысы тыңдалса, 5 мәселемен өзге ұйымдастыру шараларына қатысты мәселелер қаралды.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелерімен берілген ұсыныстар негізінде

8 қызметшіге, оның ішінде: 2-на Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін, 6-не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолданылды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Қызылорда облысында орталық және жергілікті атқарушы органдармен 387 қызмет түрі көрсетіледі. Аталған органдармен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 1 946 029 қызмет көрсетілген. Оның ішінде: мемлекеттік корпорация арқылы -352 793 (18%), электронды түрде – 455 229 (23%)мемлекеттік органмен, яғни қағаз түрінде – 1 138 007 (59%).

 

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы

2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін түсіндіру бойынша 111 іс-шара және қала, аудан, ауылдық округ тұрғындарымен 91 кездесу ұйымдастырылды.

  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Департаментпен 9 мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді. Талдаулар қорытындысымен аталған мекемелерге алдағы уақытта осы тәуекелдерді болдырмау мақсатында 45 ұсыныс жолданды.Начало формы

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы